Реклама
Реклама

ҚПЛ чемпиондығына алты клуб таласады - сарапшы

Сарапшы, спорт журналисі
06.03.2026, 23:29

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы 7–8 наурыз күндері басталады. 

Vesti.kz

Белгілі қазақстандық бапкер Болат Есмағамбетов алдағы Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымына қатысты өз болжамын жасады. Бұл туралы ол "Аладоп.kz" порталының тілшісі Мұрат Мұқашұлына берген сұхбатында айтты.

Маусымның басты фавориттері кім?

Маманның айтуынша, биылғы маусым өте тартысты әрі қызықты өтуі ықтимал. Оның пікірінше, бұрынғыдай тек екі клуб емес, бірнеше команда чемпиондық үшін күреседі.

"Биылғы ҚПЛ өте қызық болатын сияқты. Неге дейсіз ғой? Бұл жерде негізгі тартыс алты команданың арасында болады. Бұрын енді "Астана" мен "Қайрат" десек, қазір тағы 4 клуб қосылады деп ойлаймын – "Тобыл", "Елімай", "Ақтөбе", "Ордабасы". Мұндай кең көлемдегі бәсекелестік болғаны дұрыс", – деді Болат Есмағамбетов.

"Астананың" жағдайы әзірге белгісіз

Сарапшының сөзінше, фавориттердің қатарында аталған командалар болғанымен, олардың ішінде "Астананың" жағдайы әзірге толық анық емес.

Сонымен қатар ол Қазақстан Кубогы үшін күресте "Ордабасы", "Ақтөбе" және "Қайсар" клубтары белсенді болуы мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы 7–8 наурыз күндері басталады. Алғашқы турдың басты кездесуі - "Тобыл" мен "Ақтөбе" арасында өтеді. Ойын Түркістан Арена стадионында өтеді.

Реклама
Реклама