Реклама
Реклама

"Қайрат" дебютантқа қарсы ұпайдан шашау шығармады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
07.03.2026, 18:10

Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-Лигасының 2026 жылғы алғашқы турында Өскеменнің "Алтайын" минималды есеппен жеңді.

instagram/@f.c.altai

Қазақстан Премьер-Лигасының бірінші турында өскемендік “Алтай” мен алматылық “Қайрат” өзара кездесті. Матч Алматыдағы “Хан-Тәңірі” стадионында өтті.

Ойынның алғашқы минуттары екі команда үшін де шамалас өрбіді. Дегенмен бірінші таймның ортасына қарай былтырғы чемпион “Қайрат” тізгінді толық өз қолына алды. Соған қарамастан үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші таймда алматылық клуб қысымды үдете түсті. Соның нәтижесінде айып алаңына бағытталған пастан кейін Жоржиньо баспен дәл соққы жасап, матчтағы жалғыз голдың авторы атанды.

“Алтай” (Өскемен) — “Қайрат” (Алматы) 0:1 (0:0)
Гол: Жоржиньо, 64 минут

Реклама
Реклама