Испаниялық жартылай қорғаушы ай сайын 30 мың еуро шамасында табыс табады.
ҚПЛ клубы "Ақтөбеге" жаңадан қосылған испаниялық жартылай қорғаушы Пабло Альварестің келісімшартының қаржылық шарттары белгілі болды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Мәліметке сәйкес, 28 жастағы Пабло Альварес "Ақтөбе" сапында айына шамамен 17 миллион теңге (шамамен 30 мың еуро) жалақы алады.
Осылайша, "қызыл-ақтар" клубында ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі болды.
Футболшының келісімшартында нәтижелі ойынға байланысты арнайы бонус жүйесі бар.
Егер Альварес маусым барысында "гол+пас" жүйесі бойынша сегіз ұпай жинаса, онда ол қосымша 4,5 миллион теңге (шамамен 8 мың еуро) сыйақы алады.
Пабло Альварес — Испанияның әйгілі "Вильярреал" клубының тәрбиеленушісі.
Ол бұған дейін Еуропаның бірнеше клубында өнер көрсеткен:
Украинаның "Карпаты" клубында ол 41 матч өткізіп, екі гол соғып және екі нәтижелі пас берген.