"Қайрат" – "Ақтөбе" кездесуі 16 наурыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры аясында өтетін "Қайрат" - "Ақтөбе" матчына жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық бар. Алматыда болатын ойын билеттері толығымен сатылып кеткен.
Алматылық клубтың ресми мәліметіне сәйкес, Орталық стадионда өтетін матчты шамамен 23 мыңнан астам көрермен тамашалайды. Айта кетейік, Алматыдағы Орталық стадионның жалпы сыйымдылығы 23 804 орын.
Жанкүйерлердің қызығушылығы "Ақтөбе" сапында ойнайтын португалиялық жұлдыз Луиш Нанидің келуімен байланысты болса керек. Еуропа чемпионы және Англия Премьер-лигасының жеңімпазы саналатын тәжірибелі футболшы қазақстандық жанкүйерлердің назарында болатын негізгі ойыншылардың бірі.
"Қайрат" – "Ақтөбе" кездесуі 16 наурыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталуы 19:00-ге жоспарланған.
Ұйымдастырушылар жанкүйерлерге стадионға ертерек келуді ұсынады.
"Тексерістен еркін өтіп, кезекке тұрмау үшін стадионға ертерек келуге кеңес береміз. Стадионға үш жақтан кірсе болады: Абай даңғылынан, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінен", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымының алғашқы турында екі команда да жеңіске жетті.