Реклама
Реклама

Салах Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Сарапшы, спорт журналисі
19.03.2026, 22:40

Англияның "Ливерпуль" клубының шабуылшысы Мохамед Салах Чемпиондар лигасы тарихында африкалық футболшылар арасында жаңа рекорд орнатты.

skysports.com

Бұл жетістік 1/8 финалдағы “Галатасарайға" қарсы матчта тіркелді. Кездесу 4:0 есебімен “Ливерпульдің” пайдасына аяқталды. Осы ойында Салах 62-минутта 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Осылайша, ол Чемпиондар лигасында 50 гол соққан алғашқы африкалық ойыншы атанды.

Бұған дейін Салах “Ливерпуль” сапында Чемпиондар лигасында ең көп матч өткізген футболшы атанып, көрсеткіш бойынша клуб аңызы Джейми Каррагерді басып озған. Қазір мысырлық жұлдыздың еншісінде турнир аясында 82 матч бар. Ол 2025/2026 маусымында барлық турнирде 33 матч өткізіп, 10 гол соқты және 10 ассист жасады.

“Ливерпульдегі” аңызға айналған жол

Египеттік шабуылшының 2017 жылғы “Рома” клубынан “Ливерпульге” трансфері  42 миллион еуроға бағаланады.

Алғашқы маусымның өзінде ол өзін жақсы көрсетіп:

  • АПЛ-де 32 гол соқты
  • Турнирдің үздік сұрмергені атанды
  • Командасын 11 жылдан кейін алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шығарды
  • Жартылай финалда Салах бұрынғы клубы “Рома” қақпасына 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Сондай-ақ футболшы АПЛ-дың төрт дүркін “Алтын бутсы” иегері.  

Реклама
Реклама