Реклама
Реклама

Самородовтың ассисті "Ахматқа" жеңіс әкелді: Кенжебек те алаңға шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
21.03.2026, 17:53

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-Лигасында нәтижелі пас берді. 

instagram/@akhmatgrozny

Бұрыштамадан кейінгі гол

Ресей Премьер-Лигасының 22-туры аясында Грозныйдың "Ахматы" өз алаңында "Ростовты" қабылдады.

Кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов негізгі құрамда алаңға шықты. Ол 33-минутта бұрыштама добын орындап, соның нәтижесінде Эгаш Касинтура есеп ашты.

Екінші таймда қос команда да бірнеше мүмкіндік жасағанымен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Самородов 64-минутта алаңнан ауыстырылды.

Кенжебек алаңға шықты

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Ғалымжан Кенжебек матчтың соңына қарай, нақтырақ айтқанда 90-минутта ойынға қосылды.

Ол аз уақыт өнер көрсеткенімен ойын нәтижесіне әсер ете алған жоқ.

Бұл жеңістен кейін "Ахмат" 30 ұпай жинап, турнир кестесінде 7-орынға көтерілді. Грозныйлықтар келесі ойынын 4 сәуір күні "Краснодарға" қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама