Реклама
Реклама

"Ақтөбе" ҚПЛ-де ірі есеппен жеңіліп қалды

Сарапшы, спорт журналисі
21.03.2026, 19:32

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 3-турында "Ақтөбе" өз алаңында Семейдің "Елімайынан" ойсырай ұтылды. 

Instagram/@fcaktobe_official

Бір-біріне ұқсамайтын таймдар

"Түркістан Аренадағы" кездесудің басы тартысты өтті. Қос команда бірден шабуылға ден қойып, қауіпті сәттер ұйымдастырды.

Бірінші таймда Артур Шушеначев айып алаңының ішінен дәл соққы жасап, "Ақтөбені" алға шығарды. Осыдан кейін алаң иелері есепті ұстап тұруға тырысты және үзіліске дейін басымдықты сақтап қалды.

Қайсарлық танытқан "Елімай" 

Үзілістен кейін семейліктер ойынды күшейтіп, шабуылды жиілетті. Соның арқасында пенальтиге ие болды. Бұл эпизодта Иван Ордец допты қолмен ойнап, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Фессу Плакка мүлт кетпей, таразы басын теңестірді.

Осыдан кейін ойын тізгіні толығымен қонақтар жағына ауысты. "Қызыл-ақтар" қайта алға шығуға талпынғанымен Темірлан Ерлановтың голы офсайдқа байланысты есепке алынбады. Ал семейлік клуб өз мүмкіндігін тиімді пайдаланды.

Матч тағдырын Мұртазаев пен Жақсылықов шешті

Матчтың шешуші сәтінде Роман Мұртазаев көзге түсіп, "Елімайды" алға шығарды. Одан кейін Айбар Жақсылықов есеп айырмасын ұлғайтты. Қосымша уақытта Мұртазаев тағы бір мәрте мергендік танытып, кездесудің нүктесін қойды —1:4. 

Осы жеңістен кейін "Елімай" 5 ұпай жинаса, ал "Ақтөбенің" еншісінде 3 ұпай қалды. Қазір екі команда да турнир кестесінің орта тұсында орналасқан. 

"Ақтөбе" — "Елімай" (Семей) 1:4 (1:0)
Голдар:
Шушеначев, 16 минут — 1:0
Плакка, 58 минут (пенальти) — 1:1
Мұртазаев, 78 минут — 1:2
Жақсылықов, 85 минут — 1:3
Мұртазаев, 90+2 минут — 1:4
Реклама
Реклама