Реклама
Реклама

Роналду жарақаттан кейін алғаш рет тіл қатты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 22:25

Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду жарақатынан кейінгі жағдайы туралы алғаш рет пікір білдірді.

instagram/@cristiano

Жарақаттан кейінгі жағдай

Португалиялық жұлдыз жарақатынан кейін қалпына келу барысын әлеуметтік желі арқылы көрсетті. Тәжірибелі шабуылшы өзінің Instagram парақшасында бірнеше сурет жариялап, қазіргі жағдайына қысқаша тоқталды.

“Күн өткен сайын жағдайым жақсарып келеді”, — деп жазды Роналду.

Бұл жазба футболшы жанкүйерлері арасында бірден қызу талқыланып, оның алаңға қашан оралатынына деген қызығушылықты күшейтті.

Португалия құрамасынан тыс қалды

Бұған дейін Криштиану Роналдудың Португалия құрамасының жолдастық матчтарға арналған тізіміне кірмегені белгілі болған. Ұлттық команда алдағы күндері Мексика және АҚШ құрамаларына қарсы ойнайды.

Жолдастық кездесулер:

  • 29 наурыз — Португалия — Мексика
  • 1 сәуір — Португалия — АҚШ

Португалия құрамасы капитанының бұл ойындарға қатыспауына тізеасты сіңірінің жарақаты себеп болды.

Роналду бұл жарақатын Сауд Арабиясы чемпионатының 24-туры аясында өткен “Әл-Наср” — “Әл-Фейха” матчында алған. Сол кездесуде оның командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Алайда ойын Криштиану үшін сәтсіз сәттермен де есте қалды. Португалиялық шабуылшы пенальтиден мүлт кетіп, кейін матчтың 81-минутында оң аяғындағы жайсыздыққа байланысты ауыстырылып кетті.

Реклама
Реклама