“Ақтөбе” жайлы қауесетке нүкте қойылды - Адиев шындықты айтты

Сарапшы, спорт журналисі
24.03.2026, 19:53

Самараның "Крылья Советов" клубының бас бапкері Магомед Адиев "Ақтөбеге" келуі мүмкін деген ақпаратқа байланысты өз ұстанымын айтты.

instagram/@magomedadiev

Негіз жоқ

Магомед Адиев қазір өзінің негізгі жұмысы “Крылья Советовпен” байланысты екенін ашық айтты. Оның сөзінше әртүрлі байланысқа шығатын адамдар бар, түрлі ұсыныстар туралы әңгіме де аз емес. Бірақ әзірге ол қазіргі клубының бас бапкері болып қала береді.

Бұл мәлімдеме “Ақтөбеге” қатысты тараған ақпараттың әлі нақты шешімге ұласпағанын аңғартады.

“Ақтөбе” Адиевті бапкерлікке үміткер ретінде қарастырып отыр

Айта кетейік, бұған дейін Магомед Адиевтің “Ақтөбедегі” Николай Костовтың орнына келуі мүмкін кандидаттардың бірі екені айтылған. Қазір Адиев Ресей Премьер-Лигасында өнер көрсететін “Крылья Советов” клубында жұмыс істейді. Команда турнир кестесінде 13-орында келеді.

Сонымен бірге “Ақтөбе” басшылығы тек Адиевпен шектелмей, басқа да нұсқаларды қарап жатқаны хабарланған.

Реклама
Реклама