Қазақстан құрамасы жаңа турнир алдында жаттығу өткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:30

Қазақстан құрамасы FIFA Series турниріндегі алғашқы ойыны алдында соңғы дайындық жаттығуын өткізді.

instagram/@kff_team

Ойын алдындағы жаттығу

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары FIFA Series турнирі аясындағы Намибияға қарсы матч алдында ресми жаттығу өткізді. Команданың матч алдындағы дайындығы “Астана Арена” стадионында ұйымдастырылды.

Жаттығу кадрларынан Қазақстан құрамасының бірқатар жетекші ойыншыларын көруге болады. Атап айтқанда, команда сапында капитан Нұралы Әліп, “Ахматтың” жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек, “Елімай” клубының ойыншысы Рамазан Оразов, “Қайраттың” қақпашысы Темірлан Анарбеков және Шотландияның “Хартс” клубында доп тебетін Ислам Чесноков жаттығуға қатысты.

Бұл футболшылар алдағы матчта Қазақстан құрамасының негізгі үміті саналады.

Алғаш рет шақырту алғандарда дайындалып жатыр

Намибиямен ойын алдындағы дайындыққа ұлттық құрама сапына алғаш рет шақырту алған футболшылар да қатысты. Олар — “Қайрат” клубының қорғаушылары Александр Широбоков пен Александр Мрынский.

Қазақстан құрамасының FIFA Series турниріндегі алғашқы кездесуі ертең өтеді. Қарсылас — Африка құрлығының өкілі Намибия құрамасы.

Ойын “Астана Аренада” өтеді. Бұл кездесу тарихи сипатқа ие, себебі Қазақстан құрамасы Намибиямен алғаш рет ойнайды.

Қазір Намибия құрамасы ФИФА рейтингінде 118-орында тұрса, Қазақстан 114-сатыда орналасқан.

Реклама
Реклама