Шерхан Қалмырза бастаған Қазақстан Еуро іріктеуінде сенсация жасады

Сарапшы, спорт журналисі
25.03.2026, 22:10

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты-2025/26 іріктеуінің элиталық кезеңін күтпеген жеңіспен бастады.

Instagram/@kff_jastar

Таза жеңіс

Қазақстандық жастар Румынияның Волунтари қаласында 5-топтың алғашқы турында алаң иелерін 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

Алғашқы голды 13-минутта Абылай Төлеухан соқты. Ол команда капитаны Азамат Тұяқбаевтың дәл пасын голға айналдырды.

Екінші таймда да қазақстандықтар шабуылын тоқтатпады. 66-минутта Азамат Тұяқбаев айып добын шебер орындады. Осылайша ол матчтағы бір нәтижелі пас пен бір голдың авторы атанды.

Шерхан Қалмырзаның сенімді ойыны

Бұл кездесуде Қазақстан қақпасын "Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмырза қорғады. Ол матч бойы сенімді ойнады. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы енді топтағы келесі ойындарын Украина және Солтүстік Ирландия құрамаларына қарсы өткізеді.

  • 28 наурыз — Қазақстан vs Украина
  • 31 наурыз — Қазақстан vs Солтүстік Ирландия

Айта кетейік, Уэльсте өтетін Еуроның финалдық кезеңіне тек топ жеңімпазы жолдама алады. Сондықтан Румынияға қарсы жеңіс Қазақстан құрамасының келесі кезеңге шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырды.

Реклама
Реклама