Иран футболшылары мектепке жасалған шабуылға наразылық білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:04

Иран құрамасы жолдастық матч алдында қайғылы оқиғаға байланысты акция ұйымдастырып, әлем назарын аудартты.

Фото: Reuters

Ақпан айының соңында Иранда Шаджар-Тайеба бастауыш мектептерінің бірінде жарылыс болып 168 адам қаза тапты, оның ішінде 110-ға жуық бала. Қаза тапқандардың басым бөлігі – 7-12 жас аралығындағы қыз балалар.

Осы оқиғаға байланысты Иран ұлттық құрама ойыншылары  Нигериямен матч алдында әнұран орындалған кезде қолдарына мектеп рюкзактарын ұстап, қара түсті таңғыштармен шықты. Жолдастық кездесу Түркия аумағында, Белек қаласында өтті. Футболшылардың бұл қадамы қаза тапқан балаларды еске алу және болған жағдайға қарсылық білдіру ретінде түсіндірілді. 

"Бұл команданың ұжымдық шешімі болды. Біз бірміз".

Кеңес отырысында БҰҰ адам құқықтары жөніндегі басшысы Вашингтонды әуе шабуылына қатысты тергеуді аяқтауға шақырды. Иран футбол федерациясының вице-президенті Мехди Мұхаммед Наби стадионда жанкүйерлер алдында сөйлеген сөзінде команда құқықтар кеңесінде болып жатқан пікірталастардан хабардар екенін және "нақты және дұрыс шешімге" үміттенетінін айтты.

"Олар қыздар мектебіндегі жарылыстан  кейін есеңгіреп қалды және көңіл айтқысы келді"

Геосаяси жағдайдың әсері

Оқиға АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері аясында орын алған. Қазіргі таңда бұл жағдай Иран құрамасының халықаралық турнирлерге қатысуына да әсер етіп отыр. Атап айтқанда, ФИФА ұйымдастыратын алдағы әлем чемпионатына қатысты да сұрақтар туындаған. Иран тарапы матчтарды АҚШ-тан басқа елге мәселен Мексикаға ауыстыруды қарастыруда.

Аталған ойында Иран құрамасы Нигериядан 2-1 есебімен жеңілді. Келесі аптада 31 наурызда команда Коста-Рикамен тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.

Реклама
Реклама