"Сүреңсіз ойын". Талғат Байсуфиновтың Комор аралдарына қарсы ойынға көңілі толмады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
31.03.2026, 21:00

Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирін жеңіспен аяқтағанымен бас бапкер Талғат Байсуфинов команданың ойынына толық қанағаттанбады.

Фото: ҚФФ

Матчтан кейін Талғат Байсуфинов команда ойынының кейбір тұстары көңілінен шықпағанын жасырмады. Байсуфиновтың сөзінше ерте соғылған голдан кейін команда қорғанысқа шегініп, есепті сақтауға көбірек мән берген. 

"Әрине, біз ФИФА-ның осындай турнир ұйымдастырғанына қуаныштымыз. Нәтижеге қуанып отырмыз, бірақ команданың ойыны сүреңсіз болғаны аздап ашуландырды. Бір жағынан түсініп те отырмыз, тез гол салдық. Комор құрамасы ашылып, өз ойынын көрсетті. Біздің ойымызша, жігіттер  нәтижені ұстап, гол кіргізбейтіндей қорғаушылар артқа отырып қалды. Әрине анализ істейміз. Жолдастық кездесулер мынандай форматта өтсе біздің жігіттерге де көп тәжірибе болады.”

Ойын статистикасы құраманың толық басымдық көрсете алмағанын дәлелдейді:

         Қазақстан vs Комор аралдары

  • Соққылар: 10-9 
  • Шабуылдар: 32 - 45
  • Допқа иелік ету: 49% - 51%
  • Бұрыштамалар: 6 - 11
  • Дәл пастар: 279 - 367
Реклама
Реклама