Olimpbet Бірыңғай есеп жүйесімен интеграцияны аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:58

Спорттық бәс тігу нарығы қалыпты жұмысқа көшіп жатыр. 

insports.kz

Қазақстандағы беттинг нарығы жаңа ережелерге бейімделіп жатыр. Саладағы ең ірі ойыншы — Olimpbet компаниясы банктік қосымшалар арқылы шотты толықтыру мен қаражатты шешіп алу қызметтері клиенттер үшін қайтадан шектеусіз қолжетімді болғанын мәлімдеді.

Жаңа бақылау жүйесін енгізу төлем сервистерінің жұмысында уақытша қиындықтар туғызған болатын. Сарапшылар операциялардың қайта жандануы саланың тұрақтануына берілген белгі деп бағалап отыр.

"Біз үйреншікті сервистер жұмысының уақытша тоқтауы қазақстандықтарға қолайсыздық тудырғанын түсінеміз. Қазір бәрі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Клиенттерімізге көрсеткен сенімі мен сабыры үшін алғыс айтамыз және жаңа заңнама аясында жұмысымызды жалғастырамыз", – деп пікір білдірді Olimpbet өкілі.

Компания сондай-ақ спорттық болжамдардың "ақ" нарығының тұрақты жұмысы отандық спортты қолдауға тікелей әсер ететінін еске салды. Заңды беттинг ел бойынша федерациялар, клубтар, жекпе-жек промоушендері мен спортшылар үшін бюджеттен тыс қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып қала береді.

Реклама
Реклама