Ұлттық құраманың триумфынан кейін Иракта демалыс жарияланды
Футболдн Ирак құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алып, ел тарихындағы айтулы жетістікке жетті.
40 жылдан кейін әлем чемпионатына оралды
Бұл Ирактың мундиальға екінші рет шығуы және соңғы 40 жылдағы алғашқы жолдамасы. Осы тарихи оқиғадан кейін ел билігі 1 және 2 сәуірді демалыс күндері деп жариялады.
ӘЧ-2026 іріктеуінің құрлықаралық плей-офф финалында Ирак құрамасы Боливияны 2:1 есебімен ұтты. Кездесудің тағдырын шешкен голды 58-минутта шабуылшы Аймен Хуссейн соқты. Осы жеңіс “Месопотамия арыстандарына” әлем чемпионатының жолдамасын сыйлады.
Алда қандай сынақ күтіп тұр?
Жеребе қорытындысы бойынша Ирак құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында Франция, Сенегал және Норвегиямен бір топқа түсті. Сондықтан командаға финалдық кезеңде өте күрделі қарсыластармен ойнауға тура келеді.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада аумағында өтеді. Бұл турнирдің басты ерекшелігі — алғаш рет финалдық кезеңге 48 құраманың қатысуы. Соңғы жолдамалар наурыз айының соңындағы плей-офф матчтарында анықталды.