"Челси" — "Арсенал" матчы шаш жұлыс жанжалмен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.04.2026, 19:27

Әйелдер арасында УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде "Челси" мен "Арсенал" арасындағы ойын жанжалмен есте қалды.

Reuters

Кездесудің 94-минутында “Арсенал” қорғаушысы Кейт Маккейб Алисса Томпсонның шашынан тартып, оны жерге құлатты. Бірақ төреші бұл сәтті елемей, ешқандай жаза қолданбады. Бұл шешім “Челси” ойыншылары мен бапкерлердің наразылығын тудырды. Оқиғадан кейін “Челсидің” бас бапкері Соня Бомпастор төрешінің шешімімен келіспей, эмоцияға берілді. Нәтижесінде қысқа уақыт ішінде екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Матчтан кейін де Бомпастор өз пікірін өзгертпей, даулы сәттің видеосын журналистерге көрсеткен.

"Мен телефонымды өзіммен бірге алып кеттім, бұны байқадыңыздар ма білмеймін. Бірақ егер  бұл видеоны қарасаңыз, бұл “Арсенал” ойыншысына анық қызыл карта. Ол Алиссаның шашын тартты. Сондықтан, менің ойымша, егер VAR бұл жағдайды қайта тексере алмаса, бізге неге VAR керек екенін білмеймін".

“Арсенал” бапкері Рене Слегерс бұл жағдайды кездейсоқ әрекет деп бағалады. Оның айтуынша, Маккейб қарсыласының шашын әдейі тартпаған , формасынан ұстауға тырысқан. Ойыннан кейін Маккейб Instagram желісінде Stories жариялап, өз пікірін білдірген:

"Мен жай ғана футболкаға қолымды созғдым, ешқашан біреудің шашын тартпас едім. Мен Томпсонды қатты құрметтеймін"

Ойын 1:0 есебімен “Челси” пайдасына аяқталғанымен екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен “Арсенал” келесі кезеңге өтті. Лондондықтар жартылай финалда “Лионмен” кездеседі.

Реклама
Реклама