Роналду оралды: дубль жасаған жұлдыз "Әл-Насрға" ірі жеңіс сыйлады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 01:23

Сауд Арабиясы чемпионатының 27-турында "Әл-Наср" "Әл-Нажманы" 5:2 есебімен сенімді түрде жеңді. 

x.com

"Әл-Нажма" күтпеген жерден есеп ашты

Матчтың алғашқы бөлігінде қонақтар батыл ойын көрсетіп, 44-минутта алға шықты. Бұл сәтте Ракан Әл-Тулайхи мергендігімен көзге түсті. Дегенмен эр-риядтықтар үзіліске дейін жағдайды толық өз пайдасына шешіп үлгерді.

Қосымша минуттарда алаң иелері бірден екі гол соқты. Әуелі Абдулла Әл-Хамдан есепті теңестірсе, араға аз уақыт салып Садио Мане 45+9-минутта командасын алға шығарды.

Роналду екінші таймда жарқырады

Үзілістен кейін "Әл-Нажма" таразы басын қайта теңестіре алды. Бірақ шешуші сәтте Криштиану Роналду өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Португалиялық шабуылшы 56-минутта пенальтиді мүлт жібермеді. Ал 73-минутта ойыннан гол соғып, дубль тіркеді. Кездесудің соңына қарай Садио Мане де тағы бір мәрте мергендік танытты.

Осылайша "Әл-Наср" турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды. Эр-Рияд командасының қоржынында 70 ұпай болды.

Роналдудың тарихи көрсеткіші жаңарды

Бұл матч Криштиану Роналду үшін жарақаттан кейінгі алғашқы ойын болды. Ол соңғы рет 28 ақпанда алаңға шыққан. 

Осы кездесуде әйгілі шабуылшы өзінің гол саны бойынша жеке рекордын тағы да жаңартты. Қазір Роналдудың кәсіби мансабындағы голдар саны 967-ге жетті.

Реклама
Реклама