Қазақстан кубогына таласта "Ақтөбе" мен "Каспий" қарсыластарын шаң қаптырды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:23

Қазақстан Кубогының 1/16 финалында фаворит клубтар қарсыластарын ірі есеппен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

"Ақтөбе" ФК

“Ақтөбе” - “Арыс”

Арыстың орталық стадионында өткен матчта қонақтар ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастады.

  • 27-минутта Артур Шушеначев есеп ашты
  • 37’ Темірлан Ерланов басымдықты арттырды
  • 42’ Даниэль Соса үшінші голдың авторы атанды
  • Үзілістен кейін де “Ақтөбе” ойынды толық бақылауда ұстап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Төртінші голды ойын соңында 81-минутта Айдын Желькович соқты. Ақтөбеліктер алдағы 1/8 финалда “Елімай” командасымен кездеседі.

“Каспий” - “Батыр” 

Қарағанды қаласының “Шахтёр” стадионында өткен матчта “Батыр” клубы “Каспийге” қарсы тұра алмады.

  • Ойынның қосымша уақытында (45+2) Бақдәулет Зулфикаров есеп ашты
  • 79-минутта Богдан Петрович гол соқты
  • 91’ Идрис Умаев нәтижені ұлғайтты
  • 93’ Жанер Жазмағанбетов матчтың нүктесін қойды.

Келесі кезеңде “Каспий” шымкенттік “Ордабасыға” қарсы ойнайды. Еске салсақ, Павлодар облысының клубы “Екібастұз” жақында ғана атауын “Батырға” өзгерткен.

“Оқжетпес” - “Шахтер”

Ал көкшетаулық “Оқжетпес” сырт алаңда қарағандылық “Шахтерді” 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ойынның алғашқы бөлігінде алаң иелері басымдық танытты. “Шахтер” шабуылшысы Артём Литош дубль жасап, 9 және 45-минуттарда гол соғып, есеп ашты. Алайда, екінші таймда қонақтар ойын тізгінін өз қолына алды.

  • 59-минутта Еркебұлан Нұрғалиев есеп айырмасын қысқартты
  • 76’ Нұрғани Бөрібаев таразы басын теңестірді
  • 89’ Владислав Васильев жеңіс голын соқты

 Келесі кезеңде “Оқжетпес” елордалық “Жеңіспен” кездеседі.

Реклама
Реклама