Дастан Сәтпаев үздік атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:04

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қайрат" ФК шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын тапсырды.

instagram/d.satpayev

17 жастағы талантты футболшы аталған сыйлық бойынша 2025 жылғы "Спорт" номинациясының лауреаты атанды. Сәтпаев бұған дейін 2025 жылдың 26 қарашасында өткен ресми марапаттау рәсіміне қатыса алмаған. Аида Балаеваның айтуынша, Сәтпаевтың ойыны жасөспірімдерге үлгі болып, елдегі футболдың дамуына оң әсер етуде.

Дастан алматылық клуб құрамында аз уақыт ішінде бірқатар маңызды нәтижелерге жетті: 

  • Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы (2024/2025 маусымы)
  • Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас қазақстандық

Тарихта қалған футболшы

Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасында да 16 жас 7 айда дебют жасап, ең жас ойыншы атанды.

Сонымен қатар 2025 жылдың қарашасында Бельгия құрамасына гол соғып, тағы бір рекорд жаңартты.

2026 жылдың тамыз айында футболшы “Челси” клубына ауысады. Трансфер шамамен 4 миллион еуроға бағалануда, ал футболшының нарықтық құны 3 млн еуро.

Реклама
Реклама