"Тобыл" – "Қайрат" ойынын қайдан көруге болады
ҚПЛ 5-туры аясында командалар бүгін кешке кездеседі.
Қазақстан Премьер-лигасының 5-ші туры аясында Қостанайда жергілікті "Тобыл" алматылық "Қайратты" қабылдайды.
Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Ойын бүгін 11 сәуір сағат 18:00-де басталады. Жанкүйерлер ойынды келесі платформалар арқылы тамашалай алады.
- "Sport+ Qazaqstan" телеарнасы (тікелей эфир).
- "Кинопоиск" платформасы
- YouTube-та KFF League ресми арнасы.
Командалардың қазіргі жағдайы
"Қайрат" - 1-орын
Алматылық клуб маусымды сәтті бастады. 4 ойыннан кейін 10 ұпай жинап, кестенің ең жоғарғы сатысында тұр. Соңғы матчтарында «Астананы» 4:0 есебімен тас-талқан етіп, Қазақстан Кубогында "Жайықты" 3:1 есебімен жеңген.
"Тобыл" - 16-орын
Қостанайлықтар үшін Премьер-лиганың басталуы ауыр болды. Қазіргі уақытта команда 1 ұпаймен соңғы орында тұр. Алайда, 8 сәуір күні Қазақстан Кубогында "Аңсатты" 8:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлеріне үміт сыйлады. Бұл жеңіс командаға "Қайратқа" қарсы ойын алдында психологиялық серпін беруі мүмкін.
Айта кетейік командалар осы жылдың ақпан айында Суперкубок аясында кездескен болатын. Ол кезде негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында "Тобыл" (3:2) басым түскен еді.