ҚПЛ-дің бес клубы еурокубоктарға жолдама алды
Қазақстан футбол федерациясы жанындағы клубтарды лицензиялау комиссиясы 2026/27 маусымына арналған УЕФА турнирлеріне қатысатын командалар тізімін бекітті.
2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша және УЕФА талаптарына сәйкестігіне қарай ерлер командалары арасында “Қайрат”, “Астана”, “Елімай” мен “Тобыл” клубтары лицензия алды. Аталған ұжымдар УЕФА аясындағы клубтық жарыстарда Қазақстан намысын қорғайды.
Ал 2025 жылғы әйелдер арасындағы чемпионаттың қорытындысы бойынша “Ақтөбе” командасы лицензия алды. Ақтөбелік ұжым былтыр 26 матчта 74 ұпай жинап, чемпион атанған болатын.
Өткен маусымға шолу
2025 жылы “Қайрат” Премьер-лигада қатарынан екінші рет чемпион атанды. Ал елордалық “Астана” екінші орынды қанағат тұтты. ҚПЛ-дің үздік үштігін “Тобыл” түйіндесе, төртінші орын семейлік “Елімайға” бұйырды. Ал қостанайлық “Тобыл” 2025 жылыы Қазақстан Кубогы иегері атанды.