Өзбекстанда футболшылардың жалақы миллион теңгеден аспайды
Өзбекстан чемпионатында Суперлига клубтарының футболшылары мен бас бапкерлеріне жалақы төлеудің шекті мөлшері белгіленеді.
Қаржыландыру жүйесі өзгереді
Елдегі футбол клубтарын қаржылық қолдау тетігі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Мемлекет әрбір профильдік ұйымға 35 миллиард сум көлемінде алғашқы транш бөлуді жоспарлап отыр. Бұл шамамен 1,38 миллиард теңгеге тең.
Бірақ мемлекеттік қолдаумен қатар, футбол саласына қатаң қаржылық бақылау да енгізілмек. Соның ішінде ойыншылар мен жаттықтырушылардың жалақысына нақты шектеу қойылады.
Футболшылардың айлық табысы қанша болады
Жаңартылған талаптарға сәйкес, енді футболшының ай сайынғы ең жоғары жалақысы 27 миллион сумнан аспауы тиіс. Бұл шамамен 1,04 миллион теңге көлемінде.
Міндетті салықтар ұсталғаннан кейін бұл сома 23 миллион сумға, яғни шамамен 887 мың теңгеге дейін төмендейді. Осылайша Өзбекстан футболындағы жалақы лимиті іс жүзінде 1 миллион теңгеден аз болмақ.
Бас бапкерлерге де шектеу қойылды
Жаңа қаржылық ережелер тек футболшыларға емес, клубтардың басқарушы және бапкерлік құрамына да әсер етеді. Енді Суперлига клубының бас бапкері айына 10 миллион сумнан артық жалақы ала алмайды. Бұл шамамен 385 мың теңгеге тең.
Бұған дейін Өзбекстан медиасы елде Президент қаулысының жобасы дайындалып жатқанын жазған. Құжатқа сәйкес Суперлигадағы әр клубқа мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.
Дегенмен бұл қолдау көлемі жыл сайын біртіндеп қысқарып отырады. Демек, клубтар алдағы уақытта қаржылық тәртіпке бейімделіп, шығынды қатаң бақылауға мәжбүр болады.