УЕФА "Қайсар Арена" стадионына бағасын берді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:00

Қызылорда қаласындағы "Қайсар Арена" стадионында УЕФА инспекторы Скотт Стразерс жұмыс сапарын аяқтады. 

Қызылорда облысының әкімдігі

Инфрақұрылымға баға берілді

Тексеру барысында нысанның инфрақұрылымы жан-жақты тексеріліп, халықаралық талаптарға УЕФА регламентіне сәйкестігі бағаланды. Алдын ала қорытынды бойынша стадион жоғары деңгейде салынған. Сонымен қатар, инспектор жобаның қысқа мерзімде жүзеге асқанын ерекше атап өтті. Қорытынды шешім УЕФА тарапынан толық есепті талдаудан кейін жарияланады. Бұл шешім “Қайсар Арена” мен “Спартак” алаңдарында халықаралық матчтарды өткізу мүмкіндігін анықтайды.

“Қайсар Арена” 2025 жылдың 4 қазанында Қызылорда қаласында ашылды. Стадион 11 мың көрерменге арналған, құрылысқа шамамен 20 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. 

УЕФА өкілі Қазақстанға 20 сәуірде келді. Алғашқы тексерістен Семейдегі "Спартак" стадионы өткізілді. Скотт Стразерс тексерістан кейін Х әлеуметтік желісінде стадионның жанында түскен суреттерін жариялап, “Елімайдың” футбол алаңына бару жеке тарихи сәті болғанын бөліскен.

Реклама
Реклама