"Қайрат" 90-минутта жеңісті уысынан шығарып алды

Сарапшы, спорт журналисі
26.04.2026, 20:04

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 7-турында "Қайрат" пен "Елімай" арасындағы орталық матч 2:2 есебімен аяқталды. 

instagram/@fc_elimai

Матч басында "Елімай" алға шықты

Қонақтар ойынның алғашқы минуттарынан-ақ белсенді қимылдап, алаң иелерінің қорғанысына қысым жасады. Нәтижесінде 12-минутта Фессу Плакка мергендігімен көзге түсіп, "Елімайды" алға шығарды. "Қайрат" үзіліске дейін есепті теңестіруге тырысқанымен таблодағы нәтиже өзгеріссіз қалды. 

Үш минут ішіндегі камбэк

Екінші таймда семейлік клуб бірнеше қауіпті сәтті пайдалана алмады. Ал "Қайрат" өз мүмкіндігін тиімді қолданды. 61-минутта Ойва Юккола таразы басын теңестірсе, араға үш минут салып Эдмилсон алматылықтарды алға шығарды. 

Осылайша Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері кездесуді жеңіспен аяқтауға жақын болған.Бірақ матчтың 90-минутында Әрсен Әшірбек гол соғып, қонақтарды жеңілістен құтқарып қалды. 

Турнирлік жағдай

Бұл тең ойыннан кейін "Қайраттың" еншісінде 15 ұпай бар. Алматылық клуб "Ордабасымен" бірге көш басында тұр. Ал "Елімай" 13 ұпаймен үшінші орында келеді.

Реклама
Реклама