Магомед Адиев шетелге кетеді
Бүгін, 15:00
Бұған дейін "Ақтөбемен" келіссөз жүргізген маман Еуропаға аттанады.
kff.kz
Ресейлік маман Магомед Адиев жақын арада Беларусь чемпионатында өнер көрсететін "МЛ Витебск" клубының бас бапкері қызметіне тағайындалады.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Михаил Мартинович өз орнын босатқан еді.
Қазір "МЛ Витебск" Беларусь жоғары лигасының турнирлік кестесінде екінші орында келеді. Команда келесі кездесуін 3 мамыр күні сырт алаңда Минскінің "Динамосына" қарсы өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Магомед Адиевтің Қазақстанның "Ақтөбе" клубына келуі мүмкін екені айтылған еді. Бірақ тараптар ортақ келісімге келе алмады.
Адиев соңғы рет Самараның "Крылья Советов" клубын жаттықтырды. Ол бұл қызметтен 1 сәуір күні кеткен.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама