Хусанов "Ситидің" үздік ойыншысы атануға үміткер

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 06:15

"Манчестер Сити" сәуір айының үздік ойыншысы атағына үміткерлер тізімін жариялады.

instagram/abdukodir_khusanov_

Сәтті сәуір

Клуб сәуірде клуб АПЛ аясындағы ойындарда жеңіске жетіп, Англия кубогының финалына шықты. “Манчестер Сити” 70 ұпаймен “Арсеналдан” кейін тұр. 

Әсіресе Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов соңғы айларда тұрақты формасымен көзге түсіп жүр. Ол бұған дейін қаңтар және наурыз айларында команданың үздік ойыншысы атанған.

Сәуірде де Хусанов қорғаныста сенімді ойынымен ерекшеленді, шабуыл құруда дәл пастарымен көмектесті. Әсіресе “Бернлиге” қарсы матчта футболшының ойыны жоғары бағаланды. 

Капитанның сенімді ойыны

Команда капитаны Бернарду Силва да жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, “Арсеналға” қарсы маңызды жеңісте шешуші рөл атқарды. Ал 21 жастағы Нико О’Райли “Челсиге” қарсы матчта (3:0) гол соғып, “Арсеналмен” кездесуде матчтың үздік ойыншысы атанды.

Сәуір айының үздік ойыншысын анықтауға дауыс беру басталып кетті. Жеңімпаз осы аптада белгілі болады. Желі қолданушылары “Жеңімпаз Хусанов болатыны анық” , “Жақында Абдукодирге команданың басқа мүшелері сияқты жеке сыйлық беріледі”, “Хусанов болуы керек, бірақ О'Райли да бұған лайық”, “Алға Хусанов” деп пікір білдіруде.

Реклама
Реклама