Matchday: Мозестің реніші, Оразовтың әрекеті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:00

Ауқымды жобаның кезекті шығарылымында спорт сарапшылары ҚПЛ турының басты оқиғаларын талдады. 

1bol.kz

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жетінші тур ойындары жанкүйерлерге әсерлі матчтар сыйлады. Дәстүрлі Matchday жобасында елдің белгілі спорт комментаторлары тур қорытындысын шығарып, әр ойынға кәсіби баға берді.

Бағдарламада Ермұхамед Мәулен, Эльдар Аманбаев, Ербол Қайыров пен Олжас Байбосын командалардың жетістіктері мен қателіктерін тізіп шықты. 

"Ақтөбе" мен "Тобыл" жеңіске жетті

Турдың басты жаңалықтарының бірі – "Ақтөбе" мен "Тобылдың" маңызды жеңістері. Сарапшылардың пікірінше, бұл нәтижелер командалардың маусымдағы жағдайына оң әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар, "Ақтөбенің" әлі де жоғары орындарға таласуға мүмкіндігі бар екені айтылды.

"Қайрат" ұпай жоғалтты

Алматының "Қайраты" өз алаңында күтпеген жерден ұпай жоғалтты. Ал "Ордабасы" – чемпиондыққа үміткер. 

Тур барысында легионер Мозестің қазақстандық футболшыларға қатысты реніш білдіргені де талқыланды. Сондай-ақ Рамазан Оразовтың эмоциялық әрекеті мен алаңдағы мінез-құлқы сарапшылар назарынан тыс қалмады.

Реклама
Реклама