Қазақстан құрамасының экс-бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:23

48 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев Беларусьтің "МЛ Витебск" клубының бас бапкері атанды.

фото ашық дереккөзден алынды

Жұмысын Беларусь чемпионатында жалғастырады

Магомед Адиевтің соңғы жұмыс орны Ресей Премьер-лигасындағы “Крылья Советов” клубы болған. Бұған дейін БАҚ-та самаралық командадан кеткеннен кейін Грозныйдың тумасы “Ақтөбені” басқаруы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

Алайда маман мансабын Беларусь чемпионатында жалғастыруды жөн көрді. Енді ол “МЛ Витебск” командасын жаттықтырады.

Магомед Адиевтің Қазақстандағы жұмысы

Адиев қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол бұған дейін Қарағандының “Шахтер” клубын және Қазақстан құрамасын басқарған.

Ресейде “Анжи”, “Ахмат” және “Крылья Советов” секілді командаларда еңбек етті.

Магомед Адиев жаңа командасымен алғашқы маңызды сынаққа жақын күндері тап болады. 29 сәуірде “МЛ Витебск” Беларусь Кубогының жартылай финалындағы қарымта кездесуде Минскінің “Динамосына” қарсы ойнайды.

Алғашқы матчта ”МЛ Витебск” 0:2 есебімен жеңіліп қалған. Сондықтан Адиевтің командасына финалға шығу үшін кемінде екі голдық айырманы жою қажет.

Беларусь чемпионатының турнирлік кестесінде “МЛ Витебск” 11 ұпаймен екінші орында тұр.

Реклама
Реклама