Бейбіт Әлібеков "Ордабасы" иесі атанбақ

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:40

Бұдан бөлек, танымал блогер шымкенттік клубтың креативті директоры болатыны белгілі болды. 

Sports24.kz

Шымкенттік "Ордабасында" жақын күндері маңызды кадрлық өзгеріс болады.  Клуб басшылығы креативті директор қызметіне танымал блогер Бейбіт Әлібековті тағайындамақ. Бұл туралы "Бірінші болдың" кезекті шығарылымына қатысқан клуб президенті мәлімдеді. 

Дархан Қызайбайдың айтуынша, алдағы күндері жанкүйерлерге ресми түрде креативті директор таныстырылады. Бұл қызмет клубтың медиа, маркетинг және брендтік дамуына жауап береді.

Бұдан бөлек, аталған подкастта Бейбіт Әлібеков клубтың болашағына қатысты өз ұсыныстарын білдіргені белгілі болды. Оның ішінде клуб құрылымына қатысты жайттар да бар. 

"Ордабасы" акционері атану

Сонымен қатар, Дархан Қызайбай Бейбіт Әлібековтің клуб акциясының бір бөлігін сатып алуға ниетті екенін де ашып айтты. Яғни танымал блогер алдағы уақытта "Ордабасыға" тең дәрежедегі иесі атануды көздейді. 

"Клубтың акциясын алып, "Ордбасы" иелерінің бірі болғысы келіп жатқан ойы бар", - деді Дархан Қызайбай. 

Десе де, қазіргі таңда нақты келісім жасалмаған. Клуб өкілдері бұл мәселе әлі талқылау сатысында екенін атап өтті.

Реклама
Реклама