Футбол жанкүйерлері Мұхтар Шахановты еске алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:42

Бұл сәт Қазақстан кубогы аясындағы "Ордабасы" – "Каспий" матчы кезінде болды.

instagram/@ordabasy_news

Жанкүйерлердің құрметі

Кездесу барысында фанаттар мінберде Мұхтар Шахановтың бейнесі салынған арнайы баннер көтерді. Олар қазақ әдебиеті мен руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаны осылайша еске алып, ел мәдениетіне деген құрметін көрсетті.

Мұндай бастамалар спорт пен ұлттық құндылықтардың бір-бірімен тығыз байланысты екенін аңғартады. Әсіресе футбол стадионында елге еңбегі сіңген тұлғаларды ұлықтау жанкүйер мәдениетінің жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді.

Мұхтар Шаханов кім?

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде дүниеге келген. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын "қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Кеңестік және отандық әдебиетте айрықша орны бар ақын, жазушы, қоғам және саясат қайраткері ретінде танылды. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты болған.

Мұхтар Шахановқа Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, сондай-ақ Қырғызстанның халық ақыны атақтары берілген.

Қазақ руханиятының ірі өкілі Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Реклама
Реклама