Қазақстан U-17 құрамасы Әзербайжанды екінші рет жеңді (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
09.06.2026, 19:30

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанмен өткізген екінші жолдастық кездесуінде де жеңіске жетті.

Instagram/@kff_jastar

Қазақстан жасөспірімдері Габалада жеңіске жетті

Қазақстан U-17 құрамасы Әзербайжанның Габала қаласында жергілікті құрдастарына қарсы екінші жолдастық матчын өткізді.

Тартысты өткен ойында қазақстандық футболшылар минималды есеппен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз әрі шешуші голды Темірлан Сәрсембаев соқты.

Бірінші матчта та жеңген

Айта кетейік, екі команда арасындағы алғашқы жолдастық кездесу 6 маусымда Бакуде өткен. 

Ол ойында Қазақстан құрамасы мінез көрсетіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапынан голдарды Роман Черноморец, Темірлан Сәрсембаев, Бекасыл Қанат соқса, Әнуар Төленді дубль авторы атанды.

Реклама
Реклама