"Ордабасының" құрамы қазақстандық футболшымен толығуы мүмкін

Футбол шолушысы
Бүгін, 15:21

Бұл туралы шымкенттік клуб иелерінің бірі Бейбіт Әлібеков айтты. 

Offside.kz

Шымкенттік "Ордабасы" клубының тең иесі әрі амбассадоры Бейбіт Әлібеков команданың алдағы трансферлік жоспарына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, клуб тағы бір қазақстандық футболшымен келісімшарт жасасуы мүмкін.

Әлеуметтік желіде жанкүйерлердің бірі Бейбіт Әлібековтен "Ордабасы" құрамын күшейту қатысты сауал қойған болатын. 

"Бейбіт аға, тағы трансферлер бола ма? Әлде осымен бәрі бітті ме?" — деп жазды жанкүйер.

Әлібеков бұл сұраққа қысқа жауап берді.

"Мүмкін, бір қазақстандықты алармыз", — деді ол.

Скриншот

"Ордабасы" ішкі нарыққа назар аударуы мүмкін

Бейбіт Әлібековтің жауабына қарағанда, шымкенттік клубтың қай футболшыға көзі түскені белгісіз. Дегенмен клубтың қазақстандық ойыншыны қарастырып отырғаны белгілі болды. 

Айта кетейік, қазіргі таңда "Ордабасы" Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында келеді. Команда 14 матчтан кейін 34 ұпай жинаған.

Екінші орында "Қайрат" тұр. Алматы клубының еншісінде 33 ұпай бар. Үздік үштікті "Оқжетпес" түйіндейді. Көкшетау клубында 27 ұпай бар.

Реклама
Реклама