"Каспийдің" бапкерлер штабында өзгеріс болды

Футбол шолушысы
21.07.2026, 22:37

Ақтаулық клуб бас бапкердің көмекшісі Ерлен Бекмұхаевтың командадан кеткенін ресми түрде хабарлады.

instagram/@caspiy_fc

Клуб Ерлен Бекмұхаевқа алғыс айтты

"Ерлен Бекмұхаевқа рахмет! “Каспий” футбол клубы бапкерлер штабының мүшесі әрі бас бапкердің көмекшісі Ерлен Бекмұхаевқа атқарған жұмысы, кәсібилігі және клубтың дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді", — делінген клуб мәлімдемесінде.

Әзірге оның орнына кім келетіні туралы ақпарат жарияланған жоқ.

"Каспий" төрт матч жеңілмей келеді

"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының 18 турынан кейін 18 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында тұр.

Ақтаулық клуб соңғы төрт кездесуде жеңіліс тапқан жоқ. Осы аралықта команда "Атырауды" екі рет ұтып, "Ордабасыдан" басым түсті. Кейін "Қайсармен" өткен матчта тең нәтиже тіркелді.

"Каспий" келесі кездесуін 26 шілде күні өткізеді. Ақтаулық команда елордалық "Жеңіске" қарсы ойнайды.

Реклама
Реклама