"Порту" академиясының түлегі жүгіріп бара жатқан жерінен көз жұмды

Спорт шолушысы
22.07.2026, 14:25

Дәрігерлер ойыншының өміріне араша түсуге тырысқанымен Усалифа Инди оқиға орнында қайтыс болған. 

rbc.ru

Португалия футболында қайғылы жағдай тіркелді. "Порту" клубының бұрынғы орталық жартылай қорғаушысы Усалифа Инди 26 жасында қайтыс болды.

Record мәліметінше, қайғылы жағдай 20 шілде күні кешке Португалияның Фафи қаласында болған. Алдын ала ақпарат бойынша футболшы жүгіру кезінде өзін жайсыз сезінген. Кейін жерге құлап, жанынан өтіп бара жатқан адамның назарын аударған. Оқиға куәгері бірден жедел жәрдем шақырған. Құтқару қызметі футболшыға көмек көрсетуге тырысқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Усалифа Инди оқиға орнында көз жұмды. Оның нақты неден қайтыс болғаны туралы ресми медициналық қорытынды әзірге жарияланған жоқ.

Инди "Порту" академиясынан шыққан футболшы

Усалифа Индидің қос азаматтығы болды. Ол Гвинея және Португалия азаматы саналған.

Футболшы "Порту" академиясының түлегі. 2017/18 маусымында 19 жасқа дейінгі жастар командасында өнер көрсеткен.

Спорттық мансабында Португалияда бірнеше клубтың намысын қорғады. 2025 жылдың басынан бері Усалифа Инди эстониялық "Харью" клубында ойнады.

Реклама
Реклама