Испанияда ӘЧ жеңімпаздарына көлік емес, қызанақ тарту етілді

Спорт шолушысы
22.07.2026, 09:37

Испания құрамасының футболшылары Гави мен Фабиан Руис футболдан әлем чемпионатындағы жеңістен кейін туған қаласында ерекше құрметке ие болды. Лос-Паласьос-и-Вильяфранка муниципалитеті чемпиондарды дәстүрге сай өз салмағымен бірдей мөлшерде қызанақ сыйлап қарсы алды.

Raul Caro / EFE

Футболшыларды қала әкімдігі тұрғындар, отбасы мүшелері және жергілікті кооператив өкілдерінің қатысуымен салтанатты түрде қарсы алды. Жергілікті дәстүр бойынша Гави 68,5 келі , Фабиан Руис 84,5 келі қызанақ алды. 

Чемпиондарға ерекше құрмет көрсетілді

Салтанатты шара барысында муниципалитет басшылығы әлем чемпиондарына арналған ескерткіштің макетін таныстырды. Монументке аталған футболшылардың және 2010 жылғы әлем чемпионы Хесус Навастың есімдері енгізіледі.

Сонымен қатар қаладағы екі футбол алаңы енді “Фабиан Руис” және “Пабло Паэс Гавира” деп аталатын болды. Бұған дейін спорт нысандары “Марисмас” және “Сан-Себастьян” атауларымен белгілі еді.

Қала мэрі Хуан Мануэль Валье бұл жетістік Лос-Паласьос-и-Вильяфранканы әлемге танытқанын айтты. Оның сөзінше, әлемде бірден үш әлем чемпионы шыққанын мақтан тұта алатын муниципалитеттер өте аз.

Дәл осындай құрмет 2024 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін де көрсетіліп, Хесус Навасқа 64,7 келі, ал Фабиан Руисқа 83,2 келі қызанақ сыйға тартылған еді.

Реклама
Реклама