"Интер Майами" Мессисіз камбэк жасап, Левандовскидің дебюттік матчында жеңіске жетті

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 11:43

"Интер Майами" MLS тұрақты чемпионатында "Чикаго Файрды" қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

sport.tvp.pl

“Интер Майамидің” өз алаңындағы жеңісі

Кездесуде есепті 18-минутта “Интер Майами” қақпашысы Рокко Риос Ново өз қақпасына гол соғып ашты. Бірақ алаң иелері көп ұзамай таразы басын теңестірді. 27-минутта Луис Суарес пенальтиді дәл орындаады. Екінші таймның 51-минутында уругвайлық шабуылшы тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. 

67-минутта “Чикаго Файр” футболшысы Пусо Дитеджане есепті қайта теңестірді. Матчтың соңғы нүктесін 87-минутта Престон Пламбек қойып, “Интер Майамиге” жеңіс сыйлады.

Левандовски алғашқы матчын өткізді

Бұл кездесу Польшаның әйгілі шабуылшысы Роберт Левандовски үшін “Чикаго Файр” сапындағы дебюттік ойын болды. Дегенмен тәжірибелі форвард гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермеді.

“Интер Майамидің” негізгі жұлдызы Лионель Месси кездесуді өткізіп алды. Аргентиналық футболшы әлем чемпионатынан кейін демалыс алып жүр.

Осы жеңістен кейін “Интер Майами” 34 ұпай жинап, MLS Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал 26 ұпайы бар “Чикаго Файр” үшінші сатыда орналасқан.

Реклама
Реклама