Сербиялық қорғаушы "Ақтөбеден" кетті

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 19:40

"Ақтөбе" ФК Данило Митровичпен қоштасқанын ресми түрде хабарлады. 25 жастағы футболшы клубта бірнеше ай ғана өнер көрсетті.

instagram.com/fcaktobe_official/

Орталық қорғаушымен қоштасты

Данило Митрович “Ақтөбе” құрамына 2026 жылы сәуір айының соңында қосылған. Қызыл-ақ жейдеде барлық турнирді есептегенде алты матчқа қатысты.

Енді клуб пен ойыншы арасындағы келісім аяқталып, сербиялық қорғаушы команданы тастап кетті.

Митрович негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмай, бірнеше айдан кейін командадан кетуге мәжбүр болды. Клубтың ресми хабарламасында тараптардың не себепті келісімді тоқтатқаны айтылған жоқ.

Митрович қандай клубтарда ойнаған?

Данило Митрович Сербияның Нови-Сад қаласында дүниеге келген және жергілікті футбол мектебінің түлегі саналады. Кәсіби мансабында Отанында бірнеше клубында өнер көрсетті. Олардың қатарында “Войводина”, “Раднички” командалары бар.

Сонымен қатар қорғаушының шетел чемпионатында ойнаған тәжірибесі бар. Бұған дейін Австрияның “Блау-Вайс” клубының намысын қорғады.

Митрович Сербияның жасөспірімдер және жастар құрамаларына тұрақты түрде шақырылған. Ол ұлттық команданың бірнеше жас санатынан өтіп, Сербияның жастар құрамасына дейін жетті.

Реклама
Реклама