"Қайрат" жаңа шабуылшыға іздеу салды

Жекпе-жек шолушысы
Бүгін, 18:59

Алматылық клуб португалиялық шабуылшы Жоржиньоның ауыр жарақатынан кейін құрамды шұғыл күшейтуді жоспарлап отыр.

sportburo.kz

Жоржиньо тоғыз айға дейін алаңнан тыс қалды

Жоржиньо Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында “Ордабасыға” қарсы матчта жарақат алды. Кездесу 2:1 есебімен алматылық клубтың жеңісімен аяқталған.

Медициналық тексеру нәтижесінде шабуылшының тізе буынындағы айқас байламы үзілгені анықталды. Қазір балдақпен жүріп жүрген футболшының қалпына келуіне тоғыз айға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Осылайша португалиялық легионер 2026 жылғы маусымның қалған ойындарын толық өткізіп алады.

Еркін агенттерге іздеу салынды

Негізгі шабуылшыларының бірінен айырылған “Қайрат” жаңа форвард іздеуге кірісті. Трансферлік терезе жабылғанына қарамастан алматылық клуб еркін агент мәртебесіндегі ойыншыны тіркей алады. Сондықтан команда басшылығы дәл осы санаттағы шабуылшылардың кандидатурасын қарастырып жатыр.

Қостанайдың “Тобылы” да құрамын еркін агент арқылы күшейту мүмкіндігін зерттеуде.

Жоржиньо “Қайраттың” нәтижелі ойыншыларының бірі болды

Жоржиньо алматылық клубқа 2025 жылы қосылған. Ол бұған дейін Люксембургтің “Дифферданж” намысын қорғады. Португалиялық футболшы биылғы маусымда “Қайрат” сапында барлық турнирде 23 матч өткізіп, тоғыз гол соқты. Сонымен қатар төрт нәтижелі пас берді.

Оның ұзақ мерзімге қатардан шығуы Қазақстан чемпионаты мен еурокубоктарда өнер көрсетіп жатқан алматылық команда үшін елеулі шығын болмақ.

Реклама
Реклама