Жарнама
Жарнама

"Қайсар" директоры жаңа бапкер мәселесіне түсініктеме берді

Бақытжан Пазылхайыр әлеуметтік желіде клубтың ұстанымыз ашық жеткізді. 

"Қайсар" директоры жаңа бапкер мәселесіне түсініктеме берді
inform.kz

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубында жаңа бас бапкерді тағайындау мәселесіне қатысты ресми түсініктеме берілді. Клуб директоры Бақытжан Пазылхайыр әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға жауап беріп, басшылықтың қазіргі ұстанымын жариялады.

"Соңғы күндері әлеуметтік желілерде команданың бас бапкерлігіне қатысты түрлі ақпараттар тарап жатыр. Қазір біз үшін ең бастысы – алдағы ойындарға команданы жақсы дайындау. Бүгінде команданы бас бапкердің міндетін атқарушы, UEFA Pro санатындағы маман Дмитрий Карпов дайындап жатыр. Оған жергілікті, тәжірибелі маман, бұған дейін "Қайсарды" жаттықтырған Сұлтан Әбілдаев көмектесуде" - деп жазды Бақытжан Пазылхайыр.

Бақытжан Пазылхайыр бұған дейін "Қайсарды" басқарған мамандардың клубқа қайта оралуы мүмкін деген ақпаратқа да тоқталды.

"Тағы бір айта кететін мәселе – қазіргі таңда "Қайсарды" бұған дейін жаттықтырған бұрынғы бас бапкерлердің ешқайсысын қарастырып жатқан жоқпыз. Сондықтан әлеуметтік желіде тарап жатқан әр ақпаратқа сене бермеулеріңізді сұраймын", – деп жазды функционер.

Оның айтуынша, "Қайсар" жаңа бапкерді таңдауға асықпайды. Қазір басты назар команданы алдағы матчтарға дайындауға аударылған.

Жарнама
Жарнама