ҚПЛ ойыншысы Германияда ота жасатты
ұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 28 жастағы футболшының нақты қашан алаңға оралатыны әзірге белгісіз.
"Қызылжар" клубының шабуылшысы Аслан Әділ Германияның Мюнхен қаласында тізесіне операция жасатты. Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Операция сәтті өткен. Алайда 28 жастағы футболшының нақты қашан алаңға оралатыны әзірге белгісіз.
"Мюнхендегі мамандарға алғысымызды білдіреміз! Оңалту кезеңі сәтті өтіп, бұрынғыдан да мықты болып алаңға оралуына тілектеспіз! Тез сауығып кет, Асик", - делінген клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Аслан Әділ биыл 15 матч өткізді
Аслан Әділ Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында "Қызылжар" сапында 15 кездесуге қатысты. Ол осы матчтарда 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, "Қызылжар" чемпионаттағы 23 матчтан кейін 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр.
5 қыркүйекте Виталий Жуковскийдің командасы ҚПЛ-дің 25-туры аясында "Атырауды" қабылдайды. Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.