Жарнама
Жарнама

ҚПЛ-да легионерлерге қатысты жаңа лимит талқыланып жатыр

Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін шетелдік футболшыларға қойылатын шектеу қайта қаралуы мүмкін.

ҚПЛ-да легионерлерге қатысты жаңа лимит талқыланып жатыр
Instagram/@fcaktobe_official

ҚФФ арнайы жиындар өткізбек

Қазақстан футбол федерациясы алдағы айда легионерлер лимитіне байланысты бірнеше кеңес өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы AmanVIBE жазды. 

Талқылаулар аяқталғаннан кейін ҚФФ қолданыстағы тәртіпті сақтау немесе бұрын бекітілген талаптарға өзгеріс енгізу жөнінде түпкілікті шешім қабылдайды.

Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті былтыр ҚПЛ клубтарының құрамындағы шетелдік ойыншылар санын біртіндеп қысқарту жоспарын бекіткен.

Қолданыстағы жоспар бойынша:

  • осы маусымда әр клуб 10 легионерге дейін тіркей алады;
  • келесі маусымда шетелдік ойыншылар саны тоғызға дейін қысқаруы тиіс;
  • 2028 жылғы маусымнан бастап ҚПЛ командаларының өтінімінде сегізден артық легионер болмауы керек.

Бұрынғы шешім өзгеруі мүмкін

Қазір легионерлерге қойылатын талаптар футбол қауымдастығында қайта талқыланып жатыр. Сондықтан бұған дейін бекітілген тоғыз және сегіз шетелдік ойыншыға қатысты шектеулер өзгеріссіз қалатынына кепілдік жоқ.

ҚФФ-ның нақты шешімі жоспарланған кеңестерден кейін белгілі болады.

Жарнама
Жарнама