"Ақтөбе" тәжірибелі легионермен қоштасты
28 жастағы футболшы Швеция чемпионатындағы "Хальмстад" клубының ойыншысы атанды.
"Ақтөбе" футбол клубы 28 жастағы швециялық-босниялық жартылай қорғаушы Айдин Жельковичтің командадан кеткенін ресми түрде хабарлады.
Вингер Қазақстандағы мансабын аяқтап, Швеция чемпионатына қайта оралды. Ол енді "Хальмстад" клубының намысын қорғайды.
"Ақтөбе" футбол клубы және швециялық-босниялық жартылай қорғаушы Айдын Желькович келісім-шартты бұзысу туралы өзара мәмілеге келді. Айдынға бірлескен еңбек үшін алғыс білдіре отырып, "Хальмстад" құрамында сәттілік тілейміз" - делінген ресми хабарламада.
Желькович "Ақтөбе" сапында 18 матч өткізді
Айдин Желькович "Ақтөбеге" 2026 жылдың қысында қосылған еді. Алайда футболшы бірнеше айдан кейін қазақстандық клубпен келісімшартын тоқтатып, отанына қайту туралы шешім қабылдады.
Осы маусымда ол "Ақтөбе" сапында барлық турнирді қоса есептегенде 18 матчқа қатысты. Желькович бұл кездесулерде үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.