Оралдық футбол клубының ойыншылары жалақысыз жүр
Оралдық "Жайық" футбол клубындағы кейбір ойыншылардың жалақысы үш айдан бері төленбей келген.
Amanvibe дерегінше футболшылардың бір бөлігі бірнеше ай бойы еңбекақысын ала алмай отыр.
Еске салсақ, "Жайық" клубы 2025 жылы құрылды. Соған қарамастан қаржылық қиындықтарға тап болған. Биыл клубтың қызметіне жергілікті бюджеттен 338 млн теңге бөлінген.
Қазір оралдық клуб Бірінші лигада 27 ұпаймен 5-орында келеді. 21 тамызда оралдықтар өз алаңында "Каспий Ж" ұжымымен кездесіп, ойынды 0:0 есебімен аяқтаған.
Футболшыларға жалақының уақытылы төленбеуі клубтың қаржылық тұрақтылығына қатысты сұрақ туғызды. Бұған дейін қаржыландыру мәселелері Оралдың "Ақжайық" футбол клубының қызметін тоқтатуына себеп болған еді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.