ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

16 жастағы қазақ футболшысы "Бенфика" сапында көзге түсті

Португалияның "Бенфика" академиясында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Шыңғыс Әлікеев жасөспірімдер чемпионатында нәтижелі ойынымен көзге түсті.

16 жастағы қазақ футболшысы "Бенфика" сапында көзге түсті
Шыңғыс Әлікеев

Қазақстандық вингер Португалия чемпионатының U-17 турниріндегі үшінші тур аясында "Насьоналға" қарсы кездесуге қатысып, алаңда 58 минут өткізді.

Команданың ірі жеңісіне үлес қосты

Матч барысында қазақстандық шабуылшы гол алдындағы шабуылға қатысып, пас берді. Нәтижесінде команда кездесуді 5:1 есебімен жеңіп, кезекті ұпайға қол жеткізді.

Айта кетейік, осы жазда Шыңғыс Әлікеев "Бенфика" құрамында Швейцарияның Санкт-Галлен қаласында өткен International Inclusion Cup халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болды. Турнирдің финалында португалиялық команда қазақстандық "Қайратқа" 0:1 есебімен жол берген. Ойындағы жалғыз голды алматылық клубтың ойыншысы Роман Черноморец соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.