ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақстанның бес дүркін чемпионы жаңа бас бапкер тағайындады

Павлодардың "Ертіс" ФК жаңа бас бапкерін ресми түрде жариялады.

Қазақстанның бес дүркін чемпионы жаңа бас бапкер тағайындады
instagram.com/ertis_fk/

Ерлан Шойтымов "Ертістің" бас бапкері атанды

Павлодарлық клуб жаңа бапкермен келісімшартқа отырғанын ресми түрде мәлімдеді. Ерлан Шойтымов – бұрын кәсіби футболшы болған, кейін бапкерлік қызметке ауысқан отандық маман.

Клубтың баспасөз қызметі жаңа жаттықтырушыға алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

"Павлодардың "Ертіс" футбол клубы 46 жастағы қазақстандық бапкер әрі бұрынғы кәсіби футболшы Ерлан Дарханұлы Шойтымовпен келісімшарт жасасты. Ерлан Дарханұлына жаңа қызметінде табыс және "Ертіспен" бірге қойылған мақсаттарға жетуін тілейміз", – делінген клуб мәлімдемесінде.

Ерлан Шойтымов ойыншы кезінде Қазақстанның бірнеше клубында өнер көрсетті. Ол 1999 жылы Қызылорданың "Қайсар" клубымен Қазақстан кубогын жеңіп алды. "Қайсар" сапында 101 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Сонымен қатар "Ақтөбе" клубының намысын қорғап, 82 кездесуде төрт рет мергендік танытқан.

Қандай клубтарды жаттықтырды?

Шойтымов кәсіби футболдағы мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлік жолға түсті. Жаттықтырушының көмекшісінен бастап, бас бапкер қызметіне дейін көтерілді.

Қазақстандық маман бұған дейін:

  • "Жетісай";
  • "Байқоңыр";
  • "Яссы";
  • "Қайсар" клубтарында қызмет атқарған.

"Ертіске" келгенге дейін Ақтаудың "Каспий" командасын басқарды. Павлодарлық клуб Қазақстан футболындағы ең атақты командалардың бірі саналады.

"Ертіс" ел чемпионатын бес рет жеңіп алған: 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдары.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.