ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Англияда Дастан Сәтпаевтың дебютінен кейін тосын ұсыныс айтылды

Британиялық блогер Джош Пирсон 18 жастағы футболшыға қатысты пікір білдірді.

Англияда Дастан Сәтпаевтың дебютінен кейін тосын ұсыныс айтылды
sports.kz

"Вест Бромвичке" қарсы ойын

Англия Чемпионшипінің екінші турында "Бернли" сырт алаңда "Вест Бромвичпен" кездесті. Дастан Сәтпаев ойынды қосалқы құрамда бастап, 57-минутта Джош Лоранның орнына алаңға шықты. Сол сәтте "Бернли" 1:2 есебімен жеңіліп жатқан.

Бұл кездесу қазақстандық шабуылшы үшін "Бернли" жейдесіндегі алғашқы ресми матч болды.

Блогер Сәтпаевты негізгі құрамнан көргісі келеді

Сәтпаев алаңға шыққаннан кейін британиялық блогер Джош Пирсон "Бернлидің" бас бапкері Ники Хайенге ұсыныс айтты. Оның пікірінше, 18 жастағы қазақстандық футболшы келесі кездесуді алғашқы минуттан бастауы тиіс.

"Келесі ойында Сәтпаев Эдвардстың орнына негізгі құрамда шыққанын қалаймын", – деп жазды Пирсон.

Осылайша Сәтпаев Англиядағы алғашқы ресми кездесуінен кейін-ақ жергілікті жанкүйерлер мен футбол аудиториясының назарын аудара бастады.

Эдвардстың ойыны сынға алынды

Пирсон "Бернли" ойыншысы Маркус Эдвардстың шабуылдағы қабілетін жоғары бағалағанымен, оның допсыз ойынына көңілі толмайтынын жасырмады.

"Эдвардс бабында болған кезде шабуылда өте мықты. Бірақ доп бізде болмаған кезде оның алаңдағы жағдайға аса қызығушылық танытпайтыны байқалады", – деді блогер.

Сондықтан Пирсон келесі матчта Сәтпаевқа көбірек мүмкіндік беріп, оны негізгі құрамда сынап көруді жөн санайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.