ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Дастан Сәтпаев "Бернлидің" басты афишасына шықты

"Бернли" Чемпионшиптің төртінші турында "Мидлсбромен" кездеседі. 

Дастан Сәтпаев "Бернлидің" басты афишасына шықты
asnews.kz

Ағылшындық "Бернли" Чемпионшиптің төртінші турында "Мидлсбромен" өтетін матчты Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың суретімен таныстырды.

Клубтың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жариялаған афишада 18 жастағы қазақстандық футболшы бейнеленген.

"Апта ортасында "Терф Мурда" "Мидлсброны" қабылдаймыз", – деп жазды клуб.

Бұл кездесу 2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні өтеді.

Матч Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

"Бернли" маусымды сәтсіз бастады

Чемпионшиптің алғашқы үш турында "Бернли" небәрі бір ұпай жинады.

Қазіргі уақытта команда турнир кестесінде 22-орында тұр. Одан төмен "Престон" мен "Сток Сити" орналасқан. Бұл екі клуб әзірге ұпай жинай алмады.

Сондықтан "Мидлсброға" қарсы кездесу "Бернли" үшін маусымдағы жағдайын түзетуге мүмкіндік беретін маңызды матчтардың бірі болмақ.

Дастан Сәтпаев үш матч өткізді

Дастан Сәтпаев "Бернли" сапында Чемпионшипте үш кездесуге қатысып үлгерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.