Дінмұхамед Қараман Қытайға кетуі мүмкін
Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен хабарлады.
Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Дінмұхамед Қараман мансабын Қытай чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен Matchday YouTube-подкастында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір қазақстандық футболшыны Қытай клубтарының бірі өз қатарына қосу үшін келіссөз жүргізіп жатыр.
Қараманға Ресейден де қызығушылық бар
Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, 26 жастағы жартылай қорғаушыға тек Қытайдан емес, Ресейден де ұсыныс түскен.
Дегемен, әзірге Қытай және Ресей клубтарының нақты қайсысы екені туралы дерек жоқ. Сондай-ақ ықтимал трансфердің қаржылық шарттары мен келісімшарт мерзімі де белгісіз.
Қазір Қараман "Астана" сапында ойнайды
Дінмұхамед Қараман 2026 жылғы маусымда "Астана" сапына қосылды. Бұған дейін ол "Жеңіс", "Жетісу", "Ақсу" және "Тараз" клубтарының намысын қорғаған.
Қараман Қазақстан ұлттық құрамасына да тұрақты шақырылып жүр.
Opta Analyst мәліметі бойынша, Қараман 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында "Астана" сапында 21 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
2025 жылғы маусымда "Жеңіс" сапында Қараман ҚПЛ-де 25 матч өткізіп, 4 гол соқты.
"Бірінші бол" youtube- арнасындағы Matchday подкастынның толық осы жерде көре аласыздар.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.