Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан U-15 құрамасының Грузиядағы матчында жаппай төбелес болды

Грузиядағы Batumi Cup халықаралық турнирінде Қазақстанның 15 жасқа дейінгі құрамасы мен Тбилисидің "Динамосы" арасындағы кездесу жаппай жанжалға ұласты.

Қазақстан U-15 құрамасының Грузиядағы матчында жаппай төбелес болды
instagram.com/kff_jastar/

Алаңдағы жанжал қалай басталды?

Оқиға Кобулети қаласындағы "Челе Арена" стадионында болған. Кездесу барысында екі команданың футболшылары арасында қақтығыс туындап, арты жаппай төбелеске ұласқан.

ASnews.kz мәліметінше, жанжалға грузиялық ойыншылар мен олардың еліне қатысты айтылған қорлау сөздері себеп болған. Дегенмен бұл жайтқа байланысты ресми түсініктеме келтірілмеген.

Басылымның жазуынша, қақтығыс кезінде екі жақтың ойыншылары бір-біріне түрлі зат лақтырған. Сонымен қатар грузиялық футболшылар топ болып қазақстандықтарға тап бергені хабарланды.

Матч тоқтатылды ма?

Тікелей эфир үзілгенімен, ұйымдастырушылар кездесуді мерзімінен бұрын аяқтамаған. Қазақстан U-15 құрамасы турнирден шеттетілмей, жарыстағы өнерін жалғастырды.

Қазақстандық жас футболшылар Batumi Cup турнирінің финалына дейін жетті. Шешуші кездесуде Испанияның "Вильярреал" U-15 командасымен ойнады.

Финалда Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19