Қазақстан U-16 құрамасы "Вильярреалмен" тең түсті
Футболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Грузиядағы Batumi Cup 2026 халықаралық турнирінің үшінші матчында тең ойнады.
Никита Духов мергендігімен көзге түсті
Батумиде өтіп жатқан жарыста Қазақстан U-16 құрамасының кезекті қарсыласы испаниялық "Вильярреал" академиясының жасөспірімдері болды.
Кездесуде командалар бір-бір голдан соғып, жеңімпазды анықтай алмады. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Никита Духов өз атына жазды.
"Вильярреалға" қарсы матчты мына футболшылар бастады: Тұран, Авасханов, Абибулла, Бақыт, Рүстем, Сейдазым, Бораналы, Ануарбек, Бонет, Жанмұрат, Қуандық.
Үш матчта жеңілген жоқ
Қазақстандық жасөспірімдер Batumi Cup 2026 турниріндегі алғашқы үш кездесуінде бір жеңіс пен екі тең нәтиже тіркеді.
Құраманың әзірге тіркелген нәтижелері:
- Қазақстан U-16 – "Динамо Батуми" – 5:0;
- Қазақстан U-16 – "Иберия 1999" – 1:1;
- Қазақстан U-16 – "Вильярреал" академиясы – 1:1.
Осы үш ойында Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына жеті гол соғып, өз қақпасына екі доп жіберді.